АЙДАБОЛ БИ

«Айдабол би айтқан екен» деген сөздер ел аузында нақыл болып қалған. Алысты болжап, адамгершілікті жоғары ұстаған ол дүниеқор, қиянатшыларды аяусыз әшекерлеген. Әділдігі сондай, бір дауда «Төрелішім дұрыс болмаса, ұлым Тайгелтірді ат құйрығына салып өлтіремін» деп ант су ішкені туралы аңыз сақталған.
Айдабол Құлболдыұлы Есім ханның тұсында би болған. Тарихта бізге белгілі бұл уақытта қазақ хандығы мен хандары Ташкент қаласымен өте тығыз байланыста болған. Орта жүздің Арғын тайпасы ішіндегі Сүйіндік руының бір атасы Айдабол би атымен аталады.
Айдабол бидің сегіз ұлы, төрт әйелі болған. Бірінші әйелінен Жанқозы, Малқозы, Бозқозы, екінші әйелінен Аққозы мен Қарақозы, үшінші әйелінен Тайгелтір, төртінші әйелінен Қожагелді, Қосжетер атты ұлдары болған. Айдабол би және оның ұлдары жөнінде баяндайтын қара сөздер М.Көпейұлының жазба мұрасында сақталған.
Сондай-ақ Айдабол би ұрпақтарынан Қазақстанға белгілі мәдениет, өнер және ғылым қайраткері, КСРО халық артисі Шәкен Айманов (1914-1970), атақты әнші, ақын Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929), қазақ әдебиетінің классигі, ақын-ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920), КСРО халық артисі, Қазақстанныңеңбегі сіңірген мәдениет қайраткері Каукен Кенжетаев, ғылым қайраткерлері, академик Хамза Жуматов (1912-1972), академик Шапық Шокин, геолог-академик Жақан Ержанов, академик Арықтай Қайыпов (1814-1993), атақты Жасыбай, Олжабай батырлар, әкелі балалы Едіге және Шоң билер шыққан.
Көкшетау өңіріндегі Айдабол көлі, Айдабол кенті, тағы басқа атаулар би есімімен байланысты туған.
Дерек көзі:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы,