Айдар Арапов дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Айдар Арапов
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жұбаныш кезеңі арқылы үшінші орын үшін таласқа түскен Айдар Арапов (-90 кг) Ханчжоуда өткен Азия ойындарының чемпионы Эрлан Шеровты (Қырғызстан) жеңді.

Қазіргі уақытта Ұлттық құраманың еншісінде құрлық біріншілігінде бір алтын және үш қола медаль бар. Қазақстан жалпыкомандалық есепте 4-орында келеді.

Санаулы сәттерден кейін қола жүлде үшін Аруна Жангельдина сынға түседі.

Осыған дейін қазақстандық төрт дзюдошы Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін күресетіні туралы жаздық.