Қазақстандық төрт дзюдошы Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі
АСТАНА. KAZINFORM - Ордоста (ҚХР) өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында төрт қазақстандық спортшы қола медаль үшін белдесуге шығады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жартылай финалға дейін жеткен Нұрлыхан Шархан, өкінішке қарай, финалға бір қадам қалғанда сүрінді. Ол БАӘ өкілі Джафар Костоевқа есе жіберді. Енді ол қола жүлде үшін қытайлық Фучун Хуангпен күш сынасады.
Сонымен қатар жұбаныш кезеңінде сәтті өнер көрсеткен тағы үш отандасымыз да жүлде жолында бақ сынайды.
(-90 кг) Айдар Арапов – Пенг-Ю Чен (Қытай Тайбэйі)
(-78 кг) Аруна Жангельдина – Ван Сюйхуэй (Қытай Тайбэйі)
(+78 кг) Аида Тойшыбекова – Виктория Киселёва (Тәжікстан)
Кездесулер Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.
Осыған дейін Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын.