10:01, 31 Наурыз 2015 | GMT +5
Айдар Әріпханов «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басқарма төрағасының м.а. болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Директорлар кеңесінің шешімімен Айдар Әріпханов «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа компаниядан телефон арқылы хабарлады.

Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы, 1974 жылы туылған, Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Қаржы және несие» факультетін тәмамдаған, АҚШ-тың Колумбия университетінде мемлекеттік әкімшілендіру магистрі атағын алды.
Осы тағайындауға дейін А.Әріпханов «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Бұған дейін хабарланғандай, 26 наурыз күні Қытайда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров кенеттен қайтыс болды. Оны жерлеу рәсімі Алматыда 28 наурыз күні өткен болатын.