Айдар Мекебеков жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Айдар Мекебеков  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Айдар Мекебеков
Фото: gov.kz

Ол Қаржы министрлігінде ұзақ уақыт жұмыс істеген. Салық инспекторынан бастап мемлекеттік кірістер және қаржылық бақылау органдарында бөлім басшысына дейін көтерілді.

Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін ол «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-да департамент директоры қызметін атқарған.

Айта кетейік, Гүлмира Сабденбек Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар