Айдарбек Сапаров: Биыл қант қызылшасы рекордтық көлемде жиналды

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында елдің қант қызылшасына деген сұранысы толықтай отандық өніммен қамтамасыз етілгенін айтты.

Айдарбек Сапаров
Фото: Ақорда

«Биыл қант қызылшасының рекордтық өнімін жинайық деп отырмыз – шамамен 1,2 млн тонна. Бұл қант зауыттарын шикізатпен жүктеуге және қант импортына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді», - деді Айдарбек Сапаров.

Министрдің сөзінше, биылғы егіс науқаны елдің қант шикізатына деген сұранысын отандық фермерлер толық қамтамасыз ете алатынын көрсеткен.

«Біз климаттың өзгеруі қосымша қиындықтар туғызатын қауіпті егіншілік аймағында жұмыс істеп келеміз. Сондықтан озық агротехнологияларды белсенді енгізіп, мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін барынша пайдалану өте маңызды. Бұл шаралар өнімділікті арттырып қана қоймай, қолайсыз ауа райы жағдайында да кірісті сақтауға мүмкіндік береді», - деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар