Айдарбек Сапаров ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің Қаулысымен Айдарбек Сейпiлұлы Сапаров Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

А. Сапаров 1966 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красный ауылында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1992 ж.), М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006 ж.) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы Калинин атындағы кеңшарда бастаған. Түрлі жылдары жекеменшік секторда жұмыс істеген.

2003-2006 жж. - «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары, директорының бірінші орынбасары.

2006 ж. - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.

2006-2008 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

2008 жылдың наурыз айынан 2010 жылдың сәуіріне дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.

2010 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары.

2011 жылдың қыркүйегінен қазірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет етті.

Соңғы жаңалықтар