Айдын Кәрімов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Айдын Кәрімов тағайындалды.

Айдын Мейрамбекұлы 1988 жылғы 1 қаңтарда Семей қаласында туған, қазақ, білімі жоғары. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономикалық академиясын және КАЗГЮУ университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, қаржы, халықаралық құқық.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің «Есеп техникасы, телекоммуникация, информатика және жағдайлық талдау орталығы» желілік техника қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2007-2016 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында, Астана қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы, Семей қаласы әкімінің көмекшісі, Қазақстан экономикалық даму және сауда министрлігінде бас сарапшы, Қазақстан экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде басқарма басшысы, Халықаралық экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары болды.
2016-2017 жылдары Қазақстан Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі-Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі протоколының бастығы қызметін атқарды.
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, 2022-2023 жылдары Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.
2023 жылғы қыркүйек айынан бастап осы күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.
Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған Қуаныш Асылов басқа қызметке ауысуына байланысты босатылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматы облысы білім басқармасының басшысы ауысқанын жазған болатынбыз.