Айдың тұтылуы: түнгі аспаннан фоторепортаж
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандықтар Айдың ең ұзақ, толық тұтылуына куә болды. Бірегей табиғат құбылысы қыркүйектің 8-іне қараған түні аяқталды.

Фесенков атындағы астрофизика институты мамандарының мәліметінше, 7 қыркүйек күні сағат 21:26-да Ай Жердің жартылай көлеңкесіне ене бастады. Толық фаза 22:29-да басталып, 23:53-те аяқталған. Ал тұтылудың өзі 8 қыркүйек сағат 00:56-да толық аяқталды.

Ай толық фазада 1 сағат 22 минут болады және қызғылт түске боялады. Астрономдар бұл әсер күн сәулесінің Жер атмосферасына шашырауынан туындайтынын атап өтті. Қысқа толқындар - көк және жасыл - шашыраңқы, ал ұзын толқындар - қызыл және қызғылт сары - әрі қарай өтіп, Айдың бетіне шағылысады. Сондықтан оны жиі «Қанды Ай» деп атайды.

Қолына телескоп, фотоаппарат ұстаған немесе жай ғана аулаға шыққан ел тұрғындары сирек кездесетін көріністі жақындарымен бөлісті. Бұл біреулер үшін үнсіз аспандағы көрініске тамсануға себеп болса, енді біреулер үшін достарымен немесе балаларымен «Қанды айды» көріп, осы сәтті есте сақтау мүмкіндігін сыйлады.
Түнгі аспаннан фоторепортажды назарыңызға ұсынамыз.



Алматыда Ай тұтылғандағы көріністі Kazinform агенттігінің фотографы Александр Павский түсіріп үлгерді.






Қазақстандықтар Айдың тұтылуын бақылап отырғанын жазған болатынбыз.