Айдос Есмағамбетов Барак Обаманың мүсінін жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мүсінші Айдос Есмағамбетов АҚШ президенті Барак Обаманың мүсінін жасау үдерісін видеоға түсірді.

Айдос Есмағамбетов Барак Обаманың мүсінін жасады

Видеороликті ол кеше кешке Youtube желісінде жариялады. Америкалық президент мүсіні оның жалғыз жұмысы емес. Оның аккаунтында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні бейнеленген ролик те бар. Тіпті мұнда өзге планета өкілдерінің мүсінін де көруге болады. Жұмыстарын ол силиконнан жасайды.