Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары туралы оқушыларға кеңінен айтылуы қажет - астрономия мұғалімі Т. Иванинова

Оның пікірінше, қазақстандық ғарышкердің бесінші ғарыш бағдарламасының сәтті эксперименттері туралы мектепте сабақтарда айтылуы қажет. Оның ерлігін қазақстандықтар мақтан тұтуы тиіс.
«Күллі ел болып Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшырылымын бақылады. Өскелең ұрпақ алдында барша ел мақтан тұтатын нағыз батыр пайда болғаны ерекше қуаныш сыйлайды. Мектептерде Айдын Айымбетов отандық ғарышты дамытуға қандай үлес қосқаны жайлы айтылу қажет», - деді ол. Енді Ғарышкерлер күні сынып сағаттарында кеңес дәуірінің ғарышкерлерімен бірге біздің қазіргі батырларымыз жайлы да айтылатын болады, деп санайды ұстаз.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 2 қыркүйекте қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесімен Астана уақыты бойынша 10:38-де ғарышқа ұшқан болатын.
Айымбетовпен бірге ғарыш сапарына аттанғандар арасында ресейлік Сергей Волков пен Еуропа ғарыш агенттігінің астроновты, алғашқы даниялық ғарышкер Андреас Могенсен болды.