Әйел 6 жасар қызымен бірге банк тонады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте әйел банк тонауға алты жасар қызымен бірге барған, деп хабарлайды CBS New York телеарнасы. 

Әйел 6 жасар қызымен бірге банк тонады

Полиция мәліметінше, 28 жастағы Диана Марини Chase банкіне кіріп, кассирге қолда бар қаражатты беруін талап еткен хабарламаны тапсырған.

Банк қызметкері оның талабын орындаған соң, әйел ақшаны алып, күтіп тұрған таксиге отырып кетіп қалады. Таксидің ішінде оның 6 жасар қызы отырған.

Көліктің ізіне түскен полиция көп ұзамай ұры отырған көлікті тоқтатып, ішінен балалы әйелді ұстады.

Мариниге ұрлық және бала өміріне қауіп төндіргені үшін айып тағылды. Кішкентай қыз отбасының басқа мүшелеріне табысталды.