Әйел-ана - отбасының алтын діңгегі - Маңғыстау облысының әкімі

АҚТАУ. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев әйелдерді Абай атындағы мәдени-сауық кешеніне жинап, оларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады.
None
None

Ол көпбалалы аналарға «Алтын Алқа» және «Күміс алқаларды», аймақтың қоғамдық өміріне белсене атсалысқан әйелдерге - полиция, мәдениет, денсаулық сақтау қызметкерлеріне Құрмет грамоталарын табыстады.

«Әлемде әйелді ұлықтамайтын халық жоқ. Әйелдер әрқашан нәзіктіктің, ізгіліктің, жүрек жарды қайырымдылықтың арқауы. Әйел-ана, отбасының алтын діңгегі, тыныштық пен сәттіліктің кепілі, бақыттың қайнар бастауы. Ананың қиыншылықты жеңе білуі, төзімділігі-баршаға өнеге, үлгі. Өмірдегі барлық жақсылық ана есімімен тікелей байланысты. Сондықтан бұл мереке бізге ыстық, жүрегімізге жылы. Әйел қандай қызмет атқарса да, отбасының әл-ахуалын гүлдендіре отырып, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетеді. Бүгінгі мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке - бірлік, бақыт тілейміз. Көктемнің самал лебі мен күннің сәулелі нұры әрқашанда көтеріңкі көңіл-күй сыйласын! Еңбектеріңіз жемісті болып, көңілдеріңізге қуаныш ұялап, құшақтарыңыз гүлге толсын! Баршаңызға нұр жауып, несібелеріңіз мол болсын!», - деп құттықтады әйелдерді Маңғыстау облысының әкімі А. Айдарбаев.

Соңғы жаңалықтар