Әйел зорлағаны үшін 8 жыл бойы іздеуде болған Ресей азаматы Ақтөбеде ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

Әйел зорлағаны үшін 8 жыл бойы іздеуде болған Ресей азаматы Ақтөбеде ұсталды

30 қарашада облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 8 жылдан астам уақыт қашып жүрген Ресей Федерациясының азаматын ұстады.

Орынбор облысының 35 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласындағы жиһаз цехтарының бірінен табылған.

Күдікті ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі бойынша іздеуде жүрген.

Қазіргі уақытта ұсталған адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.