Әйелдер әлеміне түскен үш жігіт туралы комедия 8 наурыз қарсаңында экранға шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада режиссер Виктор Бормотовтың «Все из-за мужиков» комедиялық фильмінің түсірілімі аяқталуға жақын, онда үш жігіт тек әйелдер тұратын әлемге тап болады. Фильм үлкен экранға 2 наурызда жол тартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Біздің бастапқы ойымыз да 8 наурыз, әйелдер мерекесіне комедиялық туынды жасап шығару болған. Оқиға желісін де жеңіл, көңілді, жасағымыз келді, сондықтан меніңше, бұл туынды әйелдердің мерекелік көңіл-күйін көтереді деп санаймын. Жақында прокат иелерімен экранға шығатын мерзімін де анықтап алдық - ол 2 наурыз», - деп атап өтті фильмнің продюсері Александр Суслов ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.

 

Картина кейіпкерлері әйел әлемінде болып қайтады. Оларды мұнда төбелеріне көтеріп, аса қастерлейді. Бастапқыда бұл оларға жұмақ орны секілденеді, алайда барлығы олар ойлағандай керемет емес екен. Жігіттер қыздардың арасында сұлтан болғылары келеді ме, әлде бұрынғы өмірлеріне қайта аңсауға көшеді ме!?

Фильм авторлары комедия өте күлкілі болады деп сендіруде. Сюжетте көрермендер үшін тосын оқиғалар орын алады. Кинолента бойынша бір ай бойы, күніне 12 сағат, 50 адамнан құралатын түсіру тобы еңбек етті. Продюсер Александр Сусловтың айтуынша, түсіру кезінде кинокоманда кадрға бірде-бір ер кісінің бейнесі еніп кетпеуін қадағалап отырған.

 

Тіпті оларға Астананы аздап «өзгертуге» тура келген. Дегенмен түсіру өте қиын болды, әсіресе көшеде жүріп бара жатқан кездер ерекше ауыр түсіпті. Кадрда ер кісілер болмауы үшін жолдарды жабу керек болған. Қыздар әлемін ерекше жарық етіп көрсету үшін кейбір көліктерді сары, жасыл, қызғылт түске бояуға дейін барған.

Оның сөзіне қарағанда, фильмге түсетін актерлер жіті іріктеуден өткен.

Нәтижесінде фильмге Мұрат Бисенбин («Рэкетир»), Тәуекел Мүсілім («Махаббатым жүрегімде»), Жәния Джуринская («ВУЗеры»), Данияр Алшынов («Ничего личного»), Сая Оразғалиева («ВУЗеры»), Әсел Акбарова («Зауал»), Темірxан Асылбек таңдалып алынған.

Бұның алдында, түсірілім барысын ҚазАқпарат тілшісі барып көріп қайтқан болатын. Арнайы репортажды мына сілтемеден оқи аласыздар. 

Соңғы жаңалықтар