Әйелдер боксы: Атырауда өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 21 медальға ие болды

Онда қазақстандық спортшылар жеті алтын, алты күміс және сегіз қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясынан.
Алтын медальға Әйгерім Асқарова (48 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Дина Жоламан (54 кг), Назым Ищанова (60 кг), Валентина Хальзова (69 кг), Дариға Шәкімова (75 кг) және Мөлдір Базарбаева (81 кг) қол жеткізді.
Күміс жүлдеге Әйгерім Қасенаева (48 кг), Сәния Сұлтанқызы (57 кг), Зарина Цолоева (64 кг), Ақерке Құсайынова (69 кг), Юлдуз Маматкулова (81 кг) мен Умида Садықова (81 кг астам) ие болды.
Үшінші орыннан Алина Тұрлыбаева (48 кг), Назым Қызайбай (51 кг), Мария Агапова және Келембет (57 кг), Мәдина Нұршаева (64 кг), Баян Ақбаева (69 кг), Дания Тілеуімбетова (81 кг) және Тоғжан Сыздықова (81 кг астам) көрінді.
Жарысқа алты елден барлығы 83 қыз қатысты.