Әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатына кімдер барады
АСТАНА. KAZINFORM - Болгарияның Самоков қаласында 17-24 тамыз аралығында 20 жасқа дейінгілер арасында әйелдер күресінен әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы белгілі болды.

Әлемдік додада Қазақстан әйелдер құрамасының атынан тоғыз балуан өнер көрсетеді.
Олардың қатарында Мейрамгүл Ахметжан (50 келі), Алиана Махамбетова (55 келі), Анна Стратан (57 келі), Әнел Шоқабаева (59 келі), Айдана Шораева (62 келі), Қыз-Жібек Жарқынбаева
(65 келі), Сабина Төрей (68 келі), Мейрамгүл Мақсот (72 келі) пен Алина Ертөстік (76 келі) бар.
Сондай-ақ әлем чемпионатында грек-рим күресінен ел құрамасы сапында бақ сынайтын балуандардың есімі белгілі болды. Бапкерлер Арсен Жұма (55 келі), Саламат Мұратұлы (60 келі), Дамир Ибрашов (63 келі), Әлібек Тұрлығазы (67 келі), Юсуф Ашрапов (72 келі), Ақжан Ықыласов (77 келі), Диас Сейітқалиев (82 келі), Темірлан Тұрдақын (87 келі), Нұрасыл Аманалы (97 келі), Қуаныш Амангелді (130 келі) сынды спортшыларға сенім білдірді.
Ал еркін күрестен Нұрданат Айтанов (57 келі), Аллан Оралбек(61 келі), Ералы Жеңісов (65 келі), Сұңқар Сейдахмет (70 келі), Досжан Құл-Ғайып, (74 келі), Ерхан Әбіл (79 келі), Қасымжомарт Әлин (86 келі), Камиль Куруглиев (92 келі), Самир Дурсунов (97 келі), Едіге Қасымбек (125 келі) ел намысын қорғайды.