Әйелдерге арналған шағын несиелеу бағдарламасын құру бизнесті жандандыра түседі - Л. Сүлейменова

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі мен іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлейменовамен кездесті.
None
None

Бейресми кездесуде өңірде әйел кәсіпкерлігін дамыту проблемалары мен алдағы жоспарлар жайы талқыланды.

ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Мамила Мұсабекова жүргізіліп жатқан жұмыспен таныстырып, бірлестік қызметінің басым міндеттерін атап өтті.

Кеңес хатшысы, палатаның адам капиталын дамыту бөлімінің бастығы Алмагүл Оңғарбаева әйел кәсіпкерлігінің әлеуетті және жұмыс істеп жатқан субъектілерін қаржылай қолдаудың арнайы шараларын құру маңызды деп санайды.

Оның айтуынша, шағын несиелеудің жаңа бағдарламасын іске қосу әйел бизнесін жандандыруға мүмкіндік береді.

Ілкі жобаның басты ерекшелігі төмен пайыздық ставка  және кепіл мүлік ретінде жылжымайтын мүлікті беру болды. Атап өтсек, ҰКП мен Алматы облысының әкімдігі шағын және орта бизнес өкілдеріне 600 млн теңге бөлген.

Еске салсақ, Алматы облысында дербес жұмыс істейтін әйелдер саны 181 325, оның ішінде қала әйелдері  - 39 335, ауыл әйелдері  - 41 990.

Ақсу ауданы әйелдерінің төрайымы Бақыт Құрманғалиева ауыл әйелдері мемлекет қолдауына мұқтаж екендігін айттфы. Өңір өкілдерінің пікірін тыңдаған Ләззат Сүлейменова бұл мәселелерді республикалық деңгейге шығаруға уәде берді.  

 

Соңғы жаңалықтар