Әйелге – жетон, күйеуіне – электронды білезік: Қырғызстан отбасындағы зомбылықпен қалай күреспек

Қырғызстан Республикасының Әділет министрлігі Жогорку Кенеш қарауына тергеудегі күдіктілерге электронды білезік тағуды қарастыратын заң жобасын ұсынды. Бұл туралы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі кеңес барысында Әділет министрі Аяз Баетов мәлім етті. Kazinform бұл туралы Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

электронды білезік
Фото: kabar.kg

Оның айтуынша, бұл технология үйқамаққа алу режимін бұзу жағдайларының санын азайтуға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Министр атап өткендей, білезіктер сондай-ақ, отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесін шешуде тиімділігін көрсететін болады.

«Отбасында зардап шеккен адамға қорғау ордерінің орнына –арнайы жетон, ал зорлық-зомбылық жасаушыға электронды білезік беріледі. Зорлықшы зардап шеккен адамға 1 шақырымнан аз қашықтықта жақындаған кезде дабыл белгісі іске қосылады. Бұл жағдайда дабыл белгісі тек жетонға емес, құқық қорғау органдарына да түседі», — деп түсіндірді Баетов.

Ведомство басшысының атап өтуінше, қазіргі уақытта министрлік электронды білезіктерді енгізуге толық дайын, бірақ Жогорку Кенеш заң жобасын әлі қарастырған жоқ.

Соңғы жаңалықтар