Әйелін оқтаумен ұрып өлтірген қаскөй 10 жылға сотталды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда әйелін оқтаумен басынан бірнеше рет ұрып өлтірген 41 жастағы адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әйелін оқтаумен ұрып өлтірген адам 10 жылға сотталды
Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Үкімді Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Тыныштық Нуримова оқыды.

Әйелін оқтаумен ұрып өлтірген адам 10 жылға сотталды
Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1 бөлігі «Адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату» бойынша кінәлі деп танылды. 

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Әйелін оқтаумен ұрып өлтірген адам 10 жылға сотталды
Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Жаза өтеу мерзімі 2025 жылдың 19 тамызынан есептеледі. Уақытша ұстау изоляторында отырған әр күні жазасын өтеу кезінде 1,5 күн болып есептеледі.

Айыпталушы соңғы сөзінде марқұмның ата-анасынан, жақындарынан және туған 2 қызынан кешірім сұрады. Бұл іске қатты өкінетінін жеткізді.

Оқиға осы жылдың 19 тамызында болған. Ерлі-зайыпты ішімдік ішіп, кейін жанжалдасқан. Ер адам әйеліне қызғаныш сезімін білдіріп, ас үйдегі оқтаумен аяусыз ұрып тастаған. 40 жастағы келіншек есін жимастан қайтыс болды. Осы жағдай кезінде отбасыдағы кішкентай 2 қыз жатын бөлмеде ұйықтап жатқан.

Осыған дейін Жамбыл облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген 70 әйел көмек сұрағанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар