02:01, 02 Сәуір 2017 | GMT +5
Әйгілі ақын Евгений Евтушенко 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйгілі орыс ақыны, 150-ге жуық еңбектің авторы Евгений Евтушенко 85 жасқа қараған шағында АҚШ-тағы ауруханалардың бірінде жан тапсырды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

Ол 1991 жылдан бері Америкада тұрып келген.
12 мамыр күні Оклахома штатындағы Талса қаласының ауруханасына түскен ақынның қасында соңғы демі шыққанша жары Мария Новикова болды. Одан бөлек екі ұлы Дмитрий мен Евгений де әкесімен қоштасып үлгерген.
Евгению Евтушенко 18 шілдеде 85 жасқа толатын еді. Ол мерейтойы қарсаңында Ресей, Беларусь және Қазақстанды аралап гастрольдік тур жасамақ болған.