Әйгілі еуроклубтарда ойнаған футболшылар енді «Атыраудың» намысын қорғамақ

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Кезінде әйгілі еуропалық клубтарда ойнаған легионерлер енді «Атырау» футбол клубында ойнайды. Бұл туралы клубтың бас бапкері Владимир Белявский облыс әкімі Бақтықожа Ізмухамбетовке жаңа құрамды таныстыру кезінде мәлім етті.
None
None

15 наурызда басталатын ел чемпинатында ойнайтын 25 спортшының 16-сы жаңадан қосылғандар. Олардың ішінде киевтік «Арсеналдан» Майкл Одибре бар. Ол бұған дейін итальяндық «Сиенада» және Нигерия құрамасында ойнаған. Сондай-ақ кезінде португалдық «Боавишта», ресейлік «Терек» және белорустық «Неман» клубтарының намысын қорғаған Ги Стефан Эссаме, «Цверна Звезда» мен ресейлік «Амкарда» ойнаған серб Марко Блажич, немістердің «Мюнхен», ағылшындық «Вес Хэм», итальяндық «Фиорентина» мен «Болонья» командаларында өнер көрсеткен тағы бір легионер Савио Нсереко бар. «Мен жалпы футболды жақсы көремін, оның ішінде біздің команданың жанкүйерімін. Облыс басшылығы клубқа барынша көмектеседі. Сіздер тек үмітті ақтасаңыздар болғаны. Біз клубтың алдына қойып отырған минималды міндет - чемпинаттың үздік алтылығына кіру», - деді өңір басшысы футболшыларға.

Соңғы жаңалықтар