Әйгілі қақпашы Буффон футболдан кеткенін мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Италияның атақты голкипері Джанлуиджи Буффон 45 жасында футболдағы карьерасын тоқтатты. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Видеодан скрин

«Ал жігіттер, осымен болды! Сендер маған бәрін бердіңдер, мен де сендерге бәрін бердім. Біз оны бірге жасадық», - деп жазды әйгілі қақпашы. Сонымен бірге ол футболдағы жарқын сәттері бейнеленген видео жариялады.

Айта кетейік, Джанлуиджи Буффон 1978 жылы Италияда өмірге келген. Даңқты футболшы, қақпашы, әлемдік футболдың рекордшы-қақпашыларының бірі. Ол 5 әлем чемпионатына қатысқан - 1998, 2002, 2006, 2010 және 2014 жылдары. Ал 2006 жылы Германияда өткен әлем біріншілігінің чемпионы болып, аталған турнирдің ең үздік қақпашысы атанды.

Соңғы жаңалықтар