Әйгілі «қоштасу» видеосын түсірген атыраулық түлектер жауапқа тартылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атыраудағы Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі түлектерінің әрекетіне қатысты құқық қорғау органы қызметкерлері тарапынан шара қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды «Мой город ».

Әйгілі «қоштасу» видеосын түсірген атыраулық түлектер жауапқа тартылуы мүмкін

Бұл жайлы оқу орнының оқытушылары өңірлік коммуникация қызметінде өткен арнайы брифингте мәлімдеді.

«Біз түсінеміз, бітіру емтихандарының ауыр кезеңдері жаңа ғана бітті, дипломдарын алды, кеуделерін толқу сезімі кернеді, алайда олардың мұндай ақылға қонымсыз әрекеттерінің себебіне түсіністікпен қараудың қажеті жоқ. Жас түлектердің істеріне қатысты құқық қорғау органдары қызметкерлері шара қолданады», - дейді колледж ұстаздары.

Өз кезегінде түлектер оқу орны басшылығына арналған әдепсіз видеолары үшін кешірім сұрады. Олар бұл «ақылға қонымсыз әрекет» болғандығын айтады.

«Біз колледж басшылығынан және барлық қазақстандықтардан кешірім сұраймыз. Бұл үлкен қателік болды. Біз жауапкершілікке тартылатындығымызды білеміз. Колледж басшылығына ешқандай наразылығымыз жоқ. Ақылға қонымсыз іс істедік, алайда істелген іс істелді, өткенді қайтарып ала алмаймыз. Шын мәнісінде біз дипломдарымызды алғаннан кейін оқу орнына алғысымызды білдірген видео түсірмек болғанбыз», - дейді түлектер.

Видео кейіпкерлерінің өздері ішімдік ішпегендіктерін айтады, видеоны екінші топта оқыған қыз түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Олардың ішіндегі түлектердің бірі колледжді қызыл дипломға бітіріп жатыр. Оның ағасының айтуынша, бойынан ешқашан жағымсыз әрекет байқамаған.