Әйгілі франциялық актриса Брижит Бардо қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM – Франциялық актриса Брижит Бардо 92 жасқа қараған шағында көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform ВВС-ге сілтеме жасап.

Брижит Бардо
Фото: Instagram_brigittebardotpage

Оның қазасы туралы Брижит Бардо қоры хабарлады.

Брижит Бардо 1934 жылы 28 қыркүйекте Франция астанасында дүниеге келген. Кинодағы жолы 1950 жылдардың басында басталды. Араға 6 жыл салып түскен «И Бог создал женщину» фильмі актрисаның жұлдызын жақты. Актрисаның ең танымал туындыларының қатарында «Презрение» (1963), «Вива, Мария!» (1965), «Бабетта идет на войну» (1959), «Ох уж эта девчонка!» (1956) и «Истина» (1960) фильмдері бар.

Бардо кинодағы мансабын шамамен 50 жыл бұрын аяқтап, содан бері өмірін жануарлар құқығын қорғауға арнады.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Криминалдық чтиво» фильмінің актері Питер Грин қайтыс болғанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар