Айгүл Сәдуақасова: Жаңа Конституция цифрланған ортаның жастарына құқық кепілдігін береді

АСТАНА. KAZINFORM — Философия, саясаттану және дін тану институтының басшысы Айгүл Сәдуақасова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында Ата заңның жаңа нұсқасы жастарға не беретінін айтты.

Айгүл Сәдуақасова
Фото: видеодан алынған скрин

— Қазір Қазақстан демографиялық өрлеуді бастан кешіп жатыр. Азаматтардың 30 пайыздан астамын балалар мен жастар құрап отыр. Ал әлемде адами капиталдың сапасы экономиканың, әлеуметтік саланың және құндылықтар жүйесінің дамуын анықтайтын факторға айналды. Бүкіл әлемде шығармашылық және қалыптан тыс ойлайтын жастардың зейініне талас жүріп жатыр. Бұл тенденция жаңа әлеуметтік шарттар қалыптастыра бастады. Ақпарат дәуірі жасанды интеллектіні ғана емес, одан туындайтын жаңа қиындықтар мен тәуекелдерді тудырды, — деді ғалым.

Институт басшысы жаңа Конституция жас буын кейін бетпе-бет келетін мәселелерді қамтығанын айтады.

— Конституцияның жаңа редакциясы қазақстандықтардың жаңа буыны үшін цифрланған ортадағы құқық кепілдігі, дербес деректердің қауіпсіздігі, электрондық коммуникация мен жеке өмірге қол сұқпау тұрғысынан ерекше маңызды. Бұл критерийлер жаңа буынға жеке шекара, зорлық-зомбылықтан бас тарту, таңдау басымдығы, салауатты өмір салты мен таза орта сияқты өмір сапасын қалыптастыратын құндылықтарды қамтамасыз етеді, — деді Айгүл Сәдуақасова.

Айта кетейік, Kazinform агенттігінің қазақ және орыс тіліндегі Telegram арнасы осы отырыстан мәтін трансляциясын беріп жатыр

Соңғы жаңалықтар
Референдум