21:53, 08 Шілде 2025 | GMT +5
Айым Қанағатова теннистен Нидерландта өткен турнирде үздік атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Отандасымыз Tennis Europe Amstelpark Tennis Academy Trophy 2025 атты халықаралық турнирде топ жарды.

Жас спортшылар арасындағы жарыс Амстердам қаласында өтті. Онда Нидерланд, Қазақстан, Ресей, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия және басқа да елдерден барған 19 елдің 64 теннисшісі бақ сынады.
Аталған турнирде қазақстандық теннисші Айым Қанaғатова қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Жібек Құламбаеваның Нидерландтағы турнирде алғашқы қарсыласын тізе бүктіргенін жазған едік.