20:26, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Айқай-шу 60 теңгеден басталған - ОҚО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Қарамұрт ауылында болған жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Жаппай төбелестің себебі анықталып отыр. ОҚО ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, төбелес 60 теңге үшін болған.
Нақтырақ айтқанда, Сайрам ауданы Қарамұрт ауылындағы Навои көшесіндегі азық-түлік дүкенінде темекі мен су сатып алмақшы болған тұрғынның 60 теңгесі жетпей қалып, сатушымен арада айқай-шу басталған. Оның аяғы жаппай төбелеске ұласып, 17 көлік пен 8 дүкен қиратылды және 4 адам жарақаттанған.