Айлығы 1 млн теңгеден асатын ауқатты ер азаматтардың 82 пайызы отбасылы

Ұлттық статбюроның 2021 жылғы санақ нәтижесі бойынша ай сайынғы табысы 1 млн теңгеден асатын ер адамдар арасында 82 пайызы некеде, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Бірінші кредит бюросына сілтеме жасап. 

отбасы неке
Фото: Kazinform

Салыстырмалы түрде табысы нөлден 1 млн теңгеге дейінгі барлық ер адамдардың 63% үйленген.

Табысы 250-ден 300 мың теңгеге дейінгі адамдарда отбасылы жігіттердің үлесі 71% жетеді.

Дегенмен тұрмыстық жағдайы жақсы ауқатты қазақстандықтар сирек ажырасады - 3%.

Қалғандарында бұл көрсеткіш - 4,5%, орташа жалақы аймағындағы кірісі бар топта - 6%.

Ал табысы 1 млн теңгеден асатын әйелдердің ішінде отбасын құрған некедегілердің үлесі – 70,5%.

Қалғандарында бұл көрсеткіш - 59%, табысы 250-ден 300 мыңға дейінгі топта – 67%.

Алайда әйелдер арасында ажырасу көрсеткіші керісінше жоғары. Мұнда ең жоғары үлес, керісінше, ең ауқаттылар қатарында - 10,5%. 

Қалғандарында бұл көрсеткіш 7% жетеді, 250-ден 300 мыңға дейінгі табысы бар әйелдер үшін - 9,5%.

Соңғы жаңалықтар