Айлу, Саллахаддин, Аль–Сафи — Шымкентте 20 жастағы келіншек үшем тапты

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкентте 20 жастағы жас келіншек үшем тапты. Бұл Шымкентте бір ай ішінде дүниеге келген екінші үшем.

үшем
Фото: Шымкент ДСД

Жиырма жастағы Шымкент қаласының тұрғыны алғашқы жүктілігінде бірден үш сәбиді өмірге әкелді.

Жас ананы 10 қаңтар күні қалалық перинаталдық орталық дәрігерлері кесір тілігі арқылы босандырып алған. Сәбилердің салмағы 1925, 1625, 1900 грамм, бойы 43-47 см аралығында.

Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған. Ата-анасы үшемге ата-анасы Айлу, Саллахаддин, Аль–Сафи деген ерекше есім берген. Біршама уақыт дәрігерлер бақылауында болған нәрестелер бүгін перзентханадан үйіне шығарылды.

Айта кетейік, бұл Шымкентте бір ай ішінде дүниеге келген екінші үшем. Бұдан бұрын, Ә.Әбдіқадірова есімді шымкенттік тұрғынның Айшах, Айлана, Айлуна есімді сәбилерді дүниеге әкелгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Сарыағашта да қаңтар айында үшем дүниеге келді. Үш қызға Әмина, Сабина және Медина есімдері қойылды.

Соңғы жаңалықтар