13:29, 10 Маусым 2010 | GMT +5
Аймақ тұрғындары банктерден «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысты тұщымды жауап ала алмай отыр - А.Перуашев
АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Еліміздің аймақтарындағы кәсіпкерлер елдегі банктердің аймақтағы филиалдарында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты тұщымды жауап ала алмай отырғандықтарына шағымдануда.

Банк менеджерлері қажетті құжаттарды қалай ресімдеу қажеттігін білмейтіндігі былай тұрсын, олар тіпті өздері қызмет ететін банктің бағдарламаға қатысатындығынан, не қатыспайтындығынан бейхабар. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жөніндегі комиссияның отырысында «Атамекен Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев айтты.
Оның сөзіне қарағанда, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына қатысты қызмет бойынша әзірге тек Халық банкі мен БТА банкінің жұмысын ғана жақсы бағалауға болады. «Жалпы бағдарламаның жүзеге асырылу барысы аймақтарда жақсы. Бірақ ара-тұра туындап жататын мәселелер жауапсыз қалуда», деді А.Перуашев.