Аймақаралық ынтымақтастық Х форумы: екіжақты сауда айналымын арттыру жұмыстары Ресейде қазақстандық экспортшылар үшін жаңа көкжиек аша отырып, сапалы деңгейге шығуда

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Ертең Екатеринбургте екі елдің президенттерінің қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының екікүндік 10-шы мерейтойлық форумы өз жұмысын бастайды.
None
None

Форум басты ұстанымдарды салыстыруға және екіжақты ынтымақтастықтың одан арғы бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Алдағы кездесу күнт әртібінің аса маңызды тармақтарының бірі Қазақстан мен Ресейдің ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастығы туралы келісімге қол қоюы болмақ.

Кеден одағы құрылып, Еуразиялық экономикалық одақты іске қосу дайындығы жүргізіліп отырған қазіргі уақытта Қазақстан өзара сауда-саттық көлемін арттыруға бағытталған жұмыстардың барынша жандануына ерекше мән береді. Мәселен, ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 15,2 млрд. долларға жетіп отыр, оның 70 пайызы аймақаралық ынтымақтастың үлесінде екендігі де белгілі.

Дегемен тауар айналымын дамыта отырып, ондағы отандық экспорттық тауралардың үлесін барынша кеңейту үшін жағдай жасау да барынша маңызды екендігі белгілі. Бұл ретте шекаралас облыстар арасындағы ынтымақтастық қана емес, сонымен бірге қазақстандық тауар өндірушілердің Ресейдің орталық және шалғай жатқан субъектілеріне де шығуы басты басымдықтардың бірі.

Бұл бағыттағы басым жұмыстар екіжақты ынтымақтастықтың алғы шебіндегі еліміздің Ресейдегі Елшілігінің атқарар жүгі де ауыр. Ағымдағы жылы Кеден одағы кеңістігінде экономикалық ықпалдастықты күшейту туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында біздің компанияларға Ресейдің нарықтарына тікелей енуіне жол ашатын нақты іс жүзіндегі уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Посткеңестік кезеңдегі бірінші қазақстандық жәрмеңке

Бұл бағыттағы алғашқы жетістіктердің бірі ағымдағы жылдың қыркүйек айында Оңтүстік Қазақстан облысы делегациясы өкілдерінің Мәскеу мен Ресейдің бірқатар өңірлеріне сапары болғандығын атап өткен орынды. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары бастаған кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер болды.

Посткеңестік кезең ішінде алғаш рет Бүкілресейлік көрме орталығының аумағында Оңтүстік Қазақстан облысының төрт күнге созылған азық-түлік пен тауарлардың аймақтық жәрмеңкесі өтті. Ресей астанасының тұрғындарына ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарларының (қауын, жүзім, өрік, пияз, макарон өнімдерді минералды су және т.б.) мол түрі ұсынылды. Әдетте, мәскеудің көтерме көкөніс базарларында өнімге шамамен 30 пайыз, ал бөлшек саудада тағы да 10-20 пайыз үстеме ақы қосылатындығын ескерсек, Қазақстаннан жеткізілген тауардың тез арада сатылып кетуі заңдылық та еді. Айта кетерлігі, сатып алушылардың көпшілігі қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапалы болатындығын ескеріп, бағасы қымбат болса да алатындықтарын білдіріп жатты.

Сапар аясында Елшілік қазақстандық және ресейлік бизнесмендер үшін арнайы «дөңгелек үстел» отырысын ұйымдастырып, онда тараптар жекелеген жобаларды қарастырумен қатар кеңінен пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. «2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ресейге жасаған экспорт көлемі үш есе өсті. Бүгінгі таңда біз тығыз ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып отырмыз, бұл кәсіпкерлеріміз үшін тиімді бағыт», - деп мәлімдеді өз сөзінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

Айта кетерлігі, жарқын оқиғалардың бірі Қазақстан елшісінің Москеу облысының губернаторы Андрей Воробьевтің кездесуі болды. Консультациялар барысында тараптар қазақстандық азық-түлік тауарлары үшін дипломатиялық өкілдік бастамашы болған Мәскеу облысында сауда-логистикалық орталық бойынша жобаны бірлесіп алға жылжыту туралы уағдаласты.

Ғ.Оразбақовтың атап өтуінше, Мәскеу облысы Ресейдің маңызды өңірлерінің бірі болып саналады. «Біздердің осы жерде көліктік-логистикалық орталық құру туралы нақты ниетіміз бар. Біздің өнімдер сіздердің базарларыңызда үш есе қымбатқа сатылуда. Бұдан төмен бағаға бағалауы тиіс еді. Егер Оңтүстік Қазақстан мен Мәскеу облысы арасында тікелей байланыс болса, онда сіздер тауарды үш есе арзанға ала аласыздар. Бұған қоса, біз тікелей инвестиция құюға да дайынбыз. Әңгіме шамамен 250 млн. доллар жайында болып отыр», - деді Ғ.Оразбақов.

Өз кезегінде А.Воробьев перспективалы ынтымақтастыққа үміт артатындығын баса айтты. «Біз мұндай бастамаға қолдау білдерміз. Біз күнделікті сұраныстағы азық-түліктердің Қазақстаннан Мәскеу облысының аумағына делдалсыз тікелей жеткілуін, яғни, өркениетті сауда-саттықты қолдаймыз»,- деді губернатор.

Жалпы Мәскеуде және Мәскеу облысында бағалаулар бойынша шамамен 300 млн. АҚШ долларына тең келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.

Ресей астанасындағы жемісті сапардан кейін Оңтүстік Қазақстан делегациясы Татарстан Республикасы мен Свердлов облысына барды. Аталған өңірлерде қазақстандық өнімдерді еткізу мәселелермен қатар тараптар біратар өнеркәсіп салаларында бірлескен кәсіпорындар құру туралы уағдаластыққа да қол жеткізді.

Ресей нарығына шығуға қызығушылық артып келеді


Қазан айының соңында Мәскеуге Қазақстанның Алматы мен Жамбыл облыстарының делегациясы келді. Сапар аясында «ҚР Алматы және Жамбыл облыстарының инвестициялық және экспорттық әлеуеті» тақырыбында халықаралық конференция өтіп, іс-шараға аймақтық халықаралық ұйымдар, Қазақстан және Ресей бизнес қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ, екіжақты сауда қатынастарын дамыту мәселелерімен айналысатын сарапшылар қатысты. Конференцияны аша отырып, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ғалым Оразбақов екі елдің аймақаралық ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығын атап айтты. Қазақстан және Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путиннің аймақаралық ынтымақтастық форумы шеңберіндегі жыл сайынғы кездесулері бұған ерекше серпін береді. «Біз Қазақстан аймақтары шекаралас облыстармен ғана ықпалдасып қалмай, сонымен қатар кәсіпкерлеріміз Ресейдің орталық бөлігіне және ел астанасына келгенін қалаймыз», - деді дипломатиялық өкілдік басшысы. Ол қазіргі уақытта Қазақстан облыстарының Ресеймен тауар айналымы 25 млрд. долларға жуық қаражатты құрайтынын, алайда ұлғайту әлеуеті әлі де бар екенін атап өтті. «Біздің міндетіміз - екі ел арасындағы тауар айналымын бірнеше есе арттыру, - деп атап айтты елші. - Мен Қазақстан бизнесі Мәскеу аймағының инвестициялық жобаларына белсенді қатыса алады деп ойлаймын».

Толықтай алғанда Қазақстанның үш облысы әкімдіктері және «Жетісу», «Тараз», «Шымкент» ӘКК өкілдері сапарының қорытындысында ресейлік әріптестермен 300 млн. доллардан астамды құрайтын ондаған меморандумға қол қойылды.

Кәсіпкерлерге сенімді тірек қажет

Қазақстандық бизнесмендердің атап өтуінше, олардың өз беттерімен ресейлік нарыққа шығуы өте қиындық туындатады. Өйткені, көрші ел нарығы, онда қалай жұмыс істеу қажеттігі, сонымен бірге өнімдеріміздің қаншалықты сұранысқа ие екендігі белгісіз.

Дегенмен, ресейлік билік органдарының басшылары, сондай-ақ ірі корпорациялардың өкілдерінің қатысуымен өткен, Елшілік пен Қазақстан мен Ресейдің Сауда өкілдіктері ұйымдастырған кездесу өз тиімділігін көрсетіп, көрші елдің нарығын жаулауда қуатты серпін берді.

Дәл қазіргі уақытта екі елдің арасындағы өзара сауда-саттық айналымының сапалы жаңа деңгейге көтерілгендігін атап өтуге болады. Бірақ, қазіргі уақытта осы қарқынды жоғалтпай, оған Қазақстанның басқа өңірлерінің тауар өндірушілерін кеңінен тарту маңыздылығы арта түсуде.

Соңғы жаңалықтар