20:28, 27 Наурыз 2013 | GMT +5
Аймақта балабақшалармен қамту деңгейі 14 пайыздан 61 пайызға дейін артты - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында оңтүстік өңірлерді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов соңғы жылдары өңірде жаңа мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы бойынша едәуір жұмыс жүргізілгеніне тоқталды. Атап айтқанда, балабақшалармен қамту деңгейі 14 пайыздан 61 пайызға дейін артты. Бұған қоса, облыс әкімі Көксарай су реттегішінің және басқа да су-техникалық ғимараттарының жұмысы туралы баяндады.