Аймақтың инвестициялық жобаларын жүзеге асыру үшін Жамбыл ГРЭС-інің екі энергоблогын іске қосу керек - әкім Қанат Бозымбаев

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Аймақтың инвестициялық жобаларын жүзеге асыру үшін Жамбыл ГРЭС-інің екі энергоблогын іске қосу керек,
None
None

деп мәлім етті дүйсенбі күні облыс әкімі Қанат Бозымбаев Батыров атындағы Жамбыл ГРЭС-інде болған кезінде.

Осынау идеяны қолдап отырған «Жамбыл ГРЭС» акционерлік қоғамының бас директоры Владимир Кокаревпен болған әңгіме барысында Қанат Бозымбаев жамбылдық өңірде жүзеге асырылатын 18 инвестициялық жобаның сегізі еліміздің 2010-2012 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына кіріп отырғанын атап көрсетті. Ол жобалардың үшеуі - үлкен және энергия қамтымды жоба, олар - Мойынқұм ауданындағы екі цемент зауыты мен Қаратаудағы «Еурохим» тыңайтқыштар өндірісі. КЕGОК-пен жасалған келісімге сәйкес Жамбыл ГРЭС-нің екі энергоблогы өндіретін қосымша энергия осынау инвестициялық жобалардың мұқтаждықтары үшін жұмсалатын болады.

Соңғы жаңалықтар