«Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов бүгін Жаңа жыл шыршасы өтіп жатқан «Айналайын» балалар үйінде болды.
None
None

Облыс әкімінің орынбасары балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтай отырып, ата-аналарының қамқорлықтарынан айрылған балалардың ешнәрседен мұқтаждық көрмей және білімді азамат болып өсулері үшін мемлекеттің барлық жағдайлар жасап отырғанын атап айтты.

 «Сендерден талап етілетіні - кейін жоғары оқу орындарына түсу үшін осы бастант жақсы оқу және тәртіпті болып өсу. Жаңа жылда сендердің барлық армандарың орындалсын, бақытты болыңдар», - деді Амандық Баталов.

А.Баталов Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтың атынан балалар үйінің 148 тәрбиеленушісіне жаңажылдық сыйлықтар берді. Ал балалар, өз кезегінде, қонақтарға концерттік бағдарлама  көрсетті.


Халықаралық ақпарат агенттігі

Соңғы жаңалықтар