Айт күндері имандылық пен адамгершілік құндылықтары қатар дәріптеледі - Мәулен Әшімбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев та құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат төрағаның Facebook парақшасына сілтеме жасап.
None
Фото: senate.parlam.kz

Құрметті достар!

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымыз бұл мейрамды қашанда ерекше ықыласпен атап өтеді. Осы күндері бір-біріне жақсылық жасауға асығып, қуанышты күйге бөленеді. Сондықтан айт күндері имандылық пен адамгершілік құндылықтары қатар дәріптеледі деуге толық негіз бар.

Рамазан – мұсылман қауымы үшін рухани тазару кезені. Осы айда мол сауаптан үміт етіп, ораза тұтқан жандарға ниеттеріңіз бен дұғаларыңыз қабыл болсын деймін. Ұлық мейрам әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке әкелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Осыған дейін қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.


Соңғы жаңалықтар