Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаты ретінде ант берді

Айтуар Кошмагамбетов
Фото: kaznpu.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Айтуар Асқарұлы Қошмамбетов депутат ретінде ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді А. Қошмамбетов.

Сонымен қатар Айтуар Асқарұлы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына сайланды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, А. Қошмамбетовты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркеу туралы қаулы қабылданды

9 ақпан күні Respublica партиясы Айтуар Қошмамбетовты Мәжіліс депутаты ретінде ұсынды

Соңғы жаңалықтар