Айтыскер ақын Мэлс Қосымбайұлымен ол оқыған мектепте кездесу өтті

АҚТАУ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Елімізге танымал айтыскер ақын Мэлс Қосымбайұлы өзі оқыған Қызылтөбе ауылындағы №2 мектептің ұжымы және оқушыларымен кездесті. Аталмыш шара мектепке биыл 25 жыл толуына орай өткізілетін шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. « Патшаның да ұстазы болады. Кейбір деректерде қазақтың соңғы ханы деп есептелетін Жәңгір де ілім-білімге құштар жан болған. Сіздер мені айтыстың патшасы деп жатырсыздар, бірақ мен өзімді айтыстың қатардағы жауынгерімін дер едім. Бүгін міне, ұстаздарыммен кездесіп, мектебіміздің мерейлі тойы қарсаңында қуанышқа бөленіп отырмын. Той құтты болсын! Ықыластаңызға рахмет!», -деді өз сөзінде ақын. Кездесуге Мэлстің 5-ші сыныптан бастап сабақ берген бүгінде басқа білім беру мекемелерінде қызмет етіп жатқан сынып жетекшісі Күләш Жұмашева мен өзге де ұстаздары келіп, оның мектеп қабырғасында жүрген оқушы кезінен естеліктер айтты. Мектеп оқушылары ақынның жырларынан үзінділер оқып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Білім ордасының ұжымы өз шаңырағынан Мэлстей түлек ұшып шыққанын мақтаныш етіп, оның бүгінгі жетістіктерін және адами қасиеттерін жастарға үлгі етті.
Соңғы жаңалықтар