17:26, 07 Маусым 2016 | GMT +5
Аюдан қорыққан 3000 сарбаз жүк көліктеріне тығылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияда "Кайнуу" жаяу әскер базасының аймағына кірген аю оқу-жаттығу жұмыстарына қатысқан 3000 сарбазды қорқытты, деп хабарлады Iltalehti.

Аю әскери базаға кіріп, әскерилердің тамағын жеп, жеке заттарын шашып кетті. Шошыған сарбаздар жүк көліктерінде тығылды.
Бөлім басшылығы жыртқыш аңды өлтіру шешімін қабылдады.
Бөлімдегілер соңғы 13 жылда аюдың алғаш рет әскери базаға кіргенін айтады.