Аюды өлтірген полицейлер оның апанынан адам сүйегін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтер бойынша РФ Ямалда аю жергілікті тұрғынды талап өлтірген. Марқұмның туған-туыстарының айтуымен із кесіп, аюдың апанына келген полиция қызметкерлеріне жыртқыш тарпа бас салды.

Аюды өлтірген полицейлер оның апанынан адам сүйегін тапты

 Бұл туралы interfax.ru Ямал-ненец автономды округі бойынша РТК ТБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

7 қараша күні Гыдан тундрасының 25 жастағы тұрғынының туыстары оның жоғалып кеткенін полицияға хабарлаған.

15 қараша күні кешкісін полиция қызметкерлері Гыда ауылынан 115 км қашықтықта орналасқан аю апанының үстінен түскен сәтте жыртқыш оларға шабуыл жасаған.

«Полиция қызметкерлері аюды атып өлтіргеннен кейін, оның апанынан адам денесінің мүшелері мен киім бөлшектері табылды», - делінген хабарламада.

Туысқандары жоғалған азаматтың заттарын таныды.