Айыппұлдың қосарланып келуі техникалық іркіліске байланысты - полиция

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада кейбір жүргізушілерге жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін айыппұлдың қосарланып келу фактісі тіркелген. Мұндай жайттың неліктен орын алғанын Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқарасының бастығы Елжан Шүпеков түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Кез келген техникада миллионнан бір қателік кететіндігі сөзсіз. Бірақ, ол өте сирек орын алатын жағдай. Бұл - таза техникалық қателік. Мұндай жағдайда азаматтар бізге жүгінуі қажет. Біз тексеріс жүргізетін боламыз. Яғни, бізде адами фактор мүлдем жоқ. Мұның барлығы да техникалық себептерге байланысты болады», - деп түсіндірді Елжан Шүпеков ҚазАқпарат тілшісінің сауалына орай.

Айта кетейік, таяуда әлеуметтік желі қолданушыларының бірі көлік жылдамдығын рұқсат етілген шектен асырып жібергені үшін 2 айыппұлдың арасы 2-3 минуттық интервалмен келгенін жазған болатын.

«Жылдамдықты асырғаным үшін екі айыппұл жіберіпті. Біріншісінің уақыты - 2021 жылдың 28 желтоқсаны күні сағат 10:17, ал екіншісі – дәл сол күні сағат 10:20. Бірінші айыпұл сомасы – 7 293 теңге, екіншісі 15 315 теңге. Бір уақытта 3 минуттық айырмашылықпен ғана. Айыппұлды төледім. Бірақ, мұның қаншалықты заңды екенін білгім келеді. Меніңше, бір ереже бұзушылыққа екі төлем жасаған сияқтымын. Өйткені, бірінші жылдамдық асырғанымды тура бағыттағы «Сергек» камерасы, екіншісін 3 минуттан кейін қарсы бағыттағы камера түсірген. Демек, тура бағыттағы камера көліктің артынан түсіруі керек еді. Ал маған келген ұйғарымның екеуінде де көлік алдынан түсірілген», - деп жазды Гүлнұр Әбішева Facebook парақшасында.



Соңғы жаңалықтар