Аз қамтылған отбасы балалары мектептерде тегін тамақтанады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аз қамтылған отбасы балалары мектептерде тегін тамақтана алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

Аз қамтылған отбасы балалары мектептерде тегін тамақтанады

«Бүгінде аз қамтылған отбасы оқушыларына қатысты жүйе қалдырылады. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған оқушылар жергілікті бюджеттің есебінен мектепте тегін тамақана алады. Жыл сайын оған жергілікті қаражаттар қарастырылып отырады. Ол жүйе қалады», - деп атап өтті министр.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев оқушылардың тамақтануын қамтамасыз етуге бизнесмендерді тарту қажеттігін тілге тиек етті.

«Жергілікті бюджеттен оқушылар тамағына қажетті қаражатты қарастыру керек. Бірақ сонымен қатар бұған кәсіпкерлерді де тартуымыз керек. Ол негізінен аз қамтылған балаларға қатысты», - деді Б.Сапарбаев.