Аз қамтылған отбасы балаларына қандай заттар тегін беріледі
Жеңілдетілген жол ақысы, мектептегі тегін тамақ пен азық-түлік пакетінен бөлек, мемлекеттік әлеуметтік көмек аясында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп киімі мен сабаққа қажет бұйымдар беріледі.
Ұл балаларға арналған мектеп киімі мыналардан тұрады:
- пенжек;
- жилет;
- шалбар;
- салтанатты жейде;
- күнделікті жейде;
- тоқымалы жилет.
Қыздар:
- пенжек;
- жилет;
- белдемше;
- классикалық жейде;
- тоқымалы жилет;
- сарафан алады.
Бастауыш мектеп оқушылары үшін жазуға қажет және мектеп бұйымдарының қатарында мыналар бар:
- арқа қоржын;
- күнделік;
- жай дәптер (20 дана);
- пенал (қаламсауыт);
- сурет салатын альбом;
- шарлы автоқалам (5 дана);
- жәй қарындаштар (10 дана);
- тысқап (15 дана);
- сызғыш;
- өшіргіш.
Орта буындағы оқушылар:
- арқа қоржын;
- күнделік;
- жәй дәптер (20 дана);
- жалпы дәптер (10 дана);
- пенал (қаламсауыт);
- шарлы автоқалам(5 дана);
- жәй қарындаштар (10 дана);
- тысқап (15 дана);
- сызғыш;
- өшіргіш.
Жоғарғы сынып оқушыларына арналған жиынтық:
- арқа қоржын;
- күнделік;
- жәй дәптер (20 дана);
- жалпы дәптер (10 дана)
- пенал (қаламсауыт);
- циркуль;
- сурет салатын альбом;
- шарлы автоқалам (5 дана);
- жәй қарындаштар (10 дана);
- тысқап (15 дана);
- сызғыш;
- өшіргіш.