Аз қамтылған отбасылар балалары Астанаға барып қайтты

ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қысқы демалыс кезінде БҚО-ның Қазталов ауданынан аз қамтылған отбасылардың 24 баласы Астана қаласына барып қайтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімдігі ұйымдастырған топқа әр мектептен бір оқушыдан болды. Балалар үш күн ішінде тұңғыш Президент мұражайында, Ақорда, «Бәйтерек» және басқа әдемі ғимараттарда болып, ойын-сауық орталықтарында дем алды.
Соңғы жаңалықтар