AZAL Ресейдің бірнеше қаласына рейстерін уақытша тоқтатады
АСТАНА. KAZINFORM - Бұл туралы әуетасымалдаушының баспасөз қызметі хабарлады.

Azerbaijan Airlines (AZAL) Ресейдің кейбір қалаларына рейстерін тоқтатты.
– 25 желтоқсанда болған Embraer 190 ұшағының апатына қатысты тергеудің бастапқы деректерін, сондай-ақ Минеральные воды, Сочи, Волгоград, Уфа, Самара, Грозный қалаларына ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ықтимал тәуекелдерді ескере отырып және Махачкалада 28 желтоқсаннан бастап іс жүргізу түпкілікті аяқталғанға дейін рейстер тоқтатылды, - делінген хабарламада.
Бұған дейін AZAL әуе компаниясының J2-8717 рейсі Баку – Минеральные Воды бағыты бойынша ұшқаннан кейін, Баку әуе кеңістігінен шықпай-ақ және Махачкала әуе кеңістігін жабу туралы хабарламаны алған соң, кері қайту туралы шешім қабылдаған болатын. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 10:13-те Гейдар Әлиев халықаралық әуежайына аман-есен қонды.
25 желтоқсан күн Бакуден Грозныйға бет алған Әзербайжанның Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласына жақын жерде апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам, оның ішінде үш бала аман қалды.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің жарлығымен 2024 жылдың 26 желтоқсаны Әзербайжанда ұшақ апатында қаза тапқандарды еске алып, Аза тұту күні болып жарияланды.
Ақтауға Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келгенін жазған болатынбыз.