AZAL ұшағының гидравликалық жүйелері зақымданғанын айғақтайтын суреттер жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтау маңындағы ұшақ апаты бойынша алдын ала тергеу есебінде ұшақтың жерге құлағанша 1, 2 және 3 гидравликалық жүйелері зақымданғанын айғақтайтын фотосуреттер мен графиктер көрсетілген. Бұл туралы Kazinform агенттігі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

AZAL ұшағының гидравликалық жүйелері зақымданғанын айғақтайтын суреттер жарияланды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Құжатта атап өтілгендей, олар әуе кемесінің компоненттеріне енген сыртқы нысандардан туындауы мүмкін.

AZAL ұшағының гидравликалық жүйелері зақымданғанын айғақтайтын суреттер жарияланды
Фото: Көлік министрлігі

Бұл зақымданудың салдарынан гидравликалық сұйықтық/қысым жоғалады.

Айта кетейік, ҚР Көлік министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатының алдын ала есебін жариялады.

Бұған дейін ұшақ апатының минуттар бойынша хронологиясын жариялаған едік. 

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын.

Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалған еді.

Ұшақ апатына байланысты Ресейде, Қазақстанда және Әзербайжанда қылмыстық іс қозғалған еді.

Бұған дейін Бразилия Әскери-әуе күштерінің Әуе апаттарын зерттеу орталығының (Cenipa) мамандары AZAL әуе компаниясының апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының қара жәшігін талдауға кіріскенін хабарлаған болатын.

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев әуе апатын тергеудің алдын ала қорытындысы қашан белгілі болатынын айтты.
30 желтоқсанда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) оқиғаны жан-жақты және бейтарап тергеуге шақырды.

Жақында Көлік министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар