AZAL ұшағы сыртқы объектілер әсерінен зақымданған – министрлік есебі

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтау маңына құлаған ұшақты тесіп өткен зақымдар конструкцияға сыртқы объектілердің енгенін көрсетеді. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі жариялаған ұшақ апаты бойынша тергеу қорытындыларының есебінде айтылған, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

AZAL ұшағының зақымдануы сыртқы объектілердің енгенін көрсетеді – алдын ала есеп
Фото: Көлік министрлігі

– Әсіресе, тесіп өткен зақымдардың көп бөлігі киль мен тұрақтандырғыштан табылды. Көзбен шолып-тексеру кейбір зақымдардың толық тесіп өткенін, ал басқалары бітеу немесе тесіп өтпеген зақымдар екенін анықтады, – деп жазылған есепте.

AZAL ұшағының зақымдануы сыртқы объектілердің енгенін көрсетеді – алдын ала есеп
Фото: Көлік министрлігі

Атап өтілгендей, тергеу комиссиясы Бразилия Федеративтік Республикасының, Әзербайжан Республикасының және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының уәкілетті өкілдерінің қатысуымен зақымдарда сақталуы мүмкін бөгде объектілерді алу шараларын жүргізді және оларды қосымша сот сараптамасына жібереді. Бұл жұмыстар нәтижесінде зақымданған ұшақтан көптеген бөгде зат алынған.

Айта кетейік, ҚР Көлік министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатының алдын ала есебін жариялады.

Бұған дейін ұшақ апатының минуттар бойынша хронологиясын жариялаған едік. 

Сондай-ақ, AZAL ұшағының жерге соқтығыспай жатып, гидравликалық жүйелері зақымданғанын айғақтайтын суреттер жарияланды.

Соңғы жаңалықтар