Азамат Дәулетбеков – Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы

чемпион
Фото: Olympic.kz

БІШКЕК. KAZINFORM – Еркін күрестен Қазақстан құрамасының үздігі Азамат Дәулетбеков қатарынан үш дүркін Азия чемпионы атанды. 

86 келіде сынға түскен Азамат финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді. Осылайша ол өз салмағында үш дүркін Азия чемпионы атанды. 

Бұған дейін Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатынан бөлек, әлем біріншілігінде екі рет қола жүлдеге қол жеткізген. 

Айта кетейік, енді қазақстандық балуандар арасында бүгін Талғат Сырбаз (74 келі) қола жүлде үшін белдесу өткізеді. 

Ал, 13-14 сәуір аралығында әйелдер, 15-16 сәуірде грек-рим шеберлері бозкілемге шығады. Азия біріншілігінде еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресінен жалпы жиынтығы 30 медаль сарапқа салынады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін еркін күрестен қазақстандық екі балуанның финалға шыққанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар