Азия чемпионаты: Еркін күрестен қазақстандық екі балуан финалға шықты

Әлем чемпионаты: Еркін күрестен Қазақстан медальдар кестесінде үштікке ілікті
Фото: из открытых источников

АСТАНА. KAZINFORM - Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін, 12 сәуірде ел құрамасынан екі балуан финалға шықты.

Ел құрамасынан Асыл Айтақын (61 келі) жартылай финалда үндістандық Акаш Дахияны 11:0 есебімен жеңді. 

Енді финалда ол қырғызстандық Тайырбек Жұмашбекұлымен кездеседі.

Ал ұлттық құрама көшбасшысы Азамат Дəулетбеков (86 келі) жартылай финалда қытайлық Пейлонг Лиді 11:0 есебімен таза жеңді. Алдағы қарсыласы - Париж олимпиадасы жолдамасының иегері, өзбекстандық Джабраиль Шапиеві.

Айта кетелік, 11 сәуірде еркін күрестен Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола иеленді.

Ел құрамасынан Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс, Мейрамбек Қартбай (57 келі) қола медаль еншіледі.

Енді 13-14 сәуір күндері әйелдер, 15-16 сәуірде грек-рим шеберлері боз кілемге шығады.

Құрлықтық додада еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресінен барлығы 30 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар