17:45, 24 Сәуір 2022 | GMT +5
Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азамат Дәулетбеков Ұлан-Батырда еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығысқазақстандық Азамат Дәулетбеков 86 келіге дейінгі салмақта финалда үндістандық Дипак Пуниямен кілемге шықты.
Д. Пуния - әлем, Азия біріншіліктерінде әлденеше рет олжалы болған азулы балуан.
Соған қарамастан, Азамат қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Бұл - еркін күрестен Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы алғашқы алтыны.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұрқожа Қайпановтың Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.